Еуроодақ Беларусь жүк көліктерін өткізбейді

10 Сәуір 2022, 10:31
1624
Бөлісу:
Еуроодақ Беларусь жүк көліктерін өткізбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь жүк көліктері осы жетінің ішінде, яғни сәуірдің 16-сына дейін Еуропалық Одақ аумағынан шығып кетуі тиіс. Еуроодақ Кеңесінің шешімі осындай, деп жазды Хабар24.

Шектеу Одақ аумағынан транзитпен өтетін көліктерге де қолданылады. 

Тек Еуропалық Одаққа почта қызметтерін көрсетіп, мұнай, газ, медицина, дәрі-дәрмек және ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын компанияларға ғана жеңілдік бар.

 

Өзгелердің жаңалығы