Еуродағы Финлияндия мен Ирландияға қарсы ойнайтын футболшылар тізімі бекітілді

24 Тамыз 2023, 10:46
559
Бөлісу:
Еуродағы Финлияндия мен Ирландияға қарсы ойнайтын футболшылар тізімі бекітілді
Фото: ©KazFootball.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеуіндегі Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы матчтерге қатысатын құраманың соңғы тізімін жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

7 қыркүйекте ұлттық құрамамыз Финляндиямен, ал 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен ойнайды, екі матч те Астанда өтеді.

Қазақстан құрамасының тізімі:

қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Астана");

қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - "Ордабасы"), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (бәрі - "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит"), Еркін Тапалов ("Қызыл-Жар"), Лев Скворцов ("Химки"), Марат Быстров ("Ахмат"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе");

жартылай қорғаушылар: Бахтиер Зайнутдинов ("Бешикташ"), Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Максим Самородов ("Ақтөбе"), Рамазан Оразов ("Тобыл"), Асылан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Владислав Прокопенко (бәрі - "Астана");

шабуылшылар: Рамазан Кәрімов ("Мақтаарал"), Абат Айымбетов ("Астана"), Вячеслав Швырев ("Қайрат").

Өзгелердің жаңалығы