Еуропалық Одақ экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құрмақ

24 Сәуір 2020, 10:46
1444
Бөлісу:
Еуропалық Одақ экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құрмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақ коронавирус індетінен кейін экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құрмақ, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

ЕО көшбасшылары бейне байланыс арқылы пандемиямен күреске арналған саммит өткізді. Олар коронавирус індетінен аса зардап шеккен елдерге және еуропалық компанияларға көмек көрсету үшін арнайы қор құруға шешім қабылдады. 

Қор алдағы екі ай ішінде құрылуы керек. ЕО-да шамамен 1,5 трлн еуро жиналады деп үміттенеді. Осылайша, 1 маусымға қарай кәсіпкерлер мен жұмысшыларға көмек көрсету үшін 540 млрд еуро сомасына несие пакеті дайын болады.


Өзгелердің жаңалығы