Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде Дания құрамасы қақпасына салған голы (3:2) үздік деп танылды. Бұл туралы UEFA баспасөз қызметі хабар таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде Дания құрамасы қақпасына салған голы «Үздік гол» номинациясында бірінші орын алғаны айтылады.
Екінші орынды Украина қақпасына гол соққан британдық Букайо Сака иеленді.
Үшінші орында - Беларусь құрамасының қақпасына гол соққан румын қорғаушысы Андрей Бурке.