ЕУРО-2020: Италия мен Испания жартылай финалда

3 Шілде 2021, 09:23
1245
Бөлісу:
ЕУРО-2020: Италия мен Испания жартылай финалда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа чемпионатының ширек финалында Испания Швейцарияны пенальтиден ұтып, жартылай финалға жолдама алды, деп жазды Хабар24.

Луис Энрике шәкірттері енді Италиямен кездеседі. Роберто Манчини баптайтын құрама Бельгиядан басым түсті. Есеп 2:1. Италия сапынан Николо Барелла мен Лоренцо Инь-Синье бір-бір голдан соқты. 

Бельгия құрамасынан Лукаку мергендігімен танылды. Италия мен Испания жетінші шілде күні финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. 

Швейцария - Испания 1:1 

Бельгия - Италия 1:2

Өзгелердің жаңалығы