Этносаясат байыппен жүргізілуі керек - Тоқаев

27 Сәуір 2023, 11:26
651
Бөлісу:
Этносаясат байыппен жүргізілуі керек - Тоқаев
Фото: akorda.kz

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазір дүниежүзіндегі ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Жаңа басымдықтар пайда болуда. Сырттан төнген сын-қатерлердің бетін қайтару аса өзекті мәселеге айналды. Мемлекеттер үшін егемендікті қорғаудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті. Бұл ретте, этносаясат байыппен жүргізілуі керек. Яғни татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі, - деді ол.

Тоқаев этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу қажет екенін атап өтті.

Сессия аясында кеше нақты мәселелерге арналған пікірталас өткенін білемін. Этносаясатта жаһандық және аймақтық үдерістер ескерілуге тиіс екені айтылды. Бұл – өте орынды ұсыныс. Яғни этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу қажет. Бұл жұмыс ауқымды реформалармен үндес болуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы