Этномәдени бірлестіктер қоғамдық рөлін орындаулары қажет – Түймебаев

14 Наурыз 2019, 13:42
3199
Бөлісу:
Этномәдени бірлестіктер қоғамдық рөлін орындаулары қажет – Түймебаев

Астана, BAQ.KZ. Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың ҚХА-ның республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесуі болып өтті. 

Кездесу аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын іске асыру мәселелері, 2019 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер талқыланды. 

Республикалық этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шаймардан Нурумов, «Мицва» Қазақстанның еврейлер қауымдастығының төрағасы Александр Барон, «Қазақстан әзербайжандарының қауымдастығы» республикалық ҚБ төрағасы Абилфас Хамедов, «Белорус мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Леонид Питаленко айтып берді.

Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев таяу болашақта бірлесе атқарылатын міндеттерді айқындаудағы, Ассамблеяның алдағы сессиясын өткізуге күш-жігерлерді жұмылдырудағы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы бұл кездесудің ерекше мәнін атап көрсетті.

Сондай-ақ, ол этномәдени бірлестіктер белсенділерімен таяу арадағы болашақта бірлесе атқарылар қызметтің басым бағыттарын өзі қалай түсінетіні туралы ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Ж.Түймебаев республикалық этномәдени бірлестіктерге өз этностары арасында жүргізілетін жұмысты жандандырудың, ҚХА-ның барлық құрылымдарының қызметіне қатысуды кеңейтудің маңызын, өздері шыққан елдермен халықтық дипломатияны дамытудың, соның ішінде технологиялар трансфері, инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін пайдалану, мемлекеттік тілді үйренуге басым көңіл бөлудің қажеттігін атап көрсетті. Бұдан басқа, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы шеңберінде этностардың жастар ұйымдарының жұмысына мән берудің маңызы зор екенін атады.

«Этномәдени бірлестіктер Қазақстанның мәдени-тілдік байлығын сақтай отырып, өздерінің Қазақстан халқын біріктіру жөніндегі қоғамдық рөлін орындаулары қажет. Сіздердің құрылымдар азаматтық қоғамның қуатты институттарына айналулары керек. Бұл үшін этностарды жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге кеңінен тартуды қамтамасыз ете отырып, олармен ұдайы жұмыс істеу қажет», - деп түйіндеді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы