Этноауылда 2 мың литр наурызкөже таратылды

23 Наурыз 2023, 11:07
683
Бөлісу:
Этноауылда 2 мың литр наурызкөже таратылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте «Наурыз — Шымкенттен басталады» думанды мерекенің аясында 2 мың литр наурызкөже таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Наурыз мейрамы аясында ипподромда қазақтың ұлттық ойындарынан көкпар,  теңге ілу,  аламан бәйге,  қазақ күресі және садақ ату сайыстары өтті.

Атшабар маңындағы этноауылға 160 киіз үй тігілген.  Оның ішінде 20 киіз үй өзге өңірлерден келген делегаттарға тиесілі.  Әр өңір өзінің тарихы мен туристік әлеуетін таныстырып,  қонақтарға наруыз көже үлестірді. Этноауылда 2 мың литр көже пісіріліп,  қонақтарға таратылды.

Өзгелердің жаңалығы