Былтыр DreamWorks студиясының «Кот в сапогах 2: Последнее желание» анимациялық мультфильмі көрерменге жол тартты. Алайда, туынды мемлекеттік тілде дыбысталмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда Dopamine Voice студиясы мультфильмді қазақ тіліне аударып, дубляж жасады.
Туындының дубляжын жасауға 13 дубляж актері, дыбыс режиссері, дубляж режиссері, аудармашы, жалпы бәрі – 17 адам қатысты.
«Етік киген Мысық: Соңғы тілек 2» фильмі 2022 жылдың желтоқсан айында кинотеатрларда көрсетілген еді. Алайда бұл туындыны қазақ тілде дыбысталмағаны қазақтілді көрермен үшін күйініш болды. Біз TikTok және Instagram желімізде сол мультфильмнен бірнеше үзіндіні дыбыстап көрдік. Дубляждалған бейнелеріміздің бірі көп қаралым жинап, астына сансыз пікір жазылды. Көпшілік «Етік киген Мысық 2» фильмінің қазақшасын жасауымызды өтінді, – деді дубляж актері.
Оның айтуынша, бұл жоба өте ауқымды болғандықтан көрермен арасында краудфандинг ұйымдастырылды.
Ресми дубляжға кететін қаражат көлемінде емес, бар жоғы 600,000 теңге. Негізі бұл жоба үшін бұл қаражат аса жеткілікті емес. Бірақ біз бірнеше кәсіби дубляж актерлерін де бұл жобаға шақыра алдық, – деді Марлен Биназар.
Студия басшысының сөзінше, елімізде отбасымен бірге көретін қазақша контент әлі де аз.
Бұл жерде басты мәселе қазақтілді азаматтардың құқығын қорғау. Олар елімізде әр туындыны ана тілінде кез келген уақытта еркін көре алуы керек, – деді ол.