«Эта» дауылынан құрбан болғандар саны артып келеді

8 Қараша 2020, 11:11
1516
Бөлісу:
«Эта» дауылынан құрбан болғандар саны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық Америка елдері «Эта» дауылының жойқын соққысынан кейін біртіндеп қалпына келіп жатыр. Бұл туралы ru.euronews.com жазды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 180-ге жуық адам апаттың құрбаны болды, бірақ бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Өйткені іздеу жұмыстары жалғасуда. Көшкін жүруіне байланысты көптеген елді мекендермен байланыс үзілген.

Бізге өте қиын болды, үйлеріміз су астында қалды, бірақ біз әлі де қалпына келтіруге және аяққа тұруға тырысамыз. Мұнда бар мал-мүлкінен айырылған бірнеше отбасы бар, өйткені үкімет өзенді бақылап, адамдарға қауіп туралы ескертуді дер кезінде жасай алмады, - дейді тұрғындар.
Апаттан ең көп зардап шеккен Гватемала. Ел билігі 150 адам қаза тапты деген мәлімет таратып отыр. Олардың көпшілігі ірі көшкін салдарынан толығымен жойылған Кеха ауылының тұрғындары.

Ондаған мың адам эвакуацияланды немесе қираған үйлерді өздері тастап кетуге мәжбүр болды. Ал, бір ғана Гондурас билігі елдің бір жарым миллион тұрғыны зардап шеккенін айтады.

«Эта» дауылы сейсенбіде Никарагуаға жетіп, Орталық Американың алты елін аралап, Кариб теңізіне оралды. Қазір дауыл күші әлсіреді, бірақ метеорологтар оның қайтадан жойқын күшке ие болып, Куба, Ямайка және Флоридаға қауіп төндіретінін жоққа шығармайды.


Өзгелердің жаңалығы