«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

26 Қазан 2022, 19:51
1722
Бөлісу:
«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды
PHOTO

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференцияның бірінші күні басталды, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ тілшісі. 

ЮНЕСКО-ның бастамасымен маңызды кездесуге әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы келді. 26-28 қазан аралығында өтетін үш күндік іс-шара барысында конференцияның 400-ден аса делегаты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектілерін басқару, қорғау және қалпына келтіру, туризм маркетингі және түркі халықтары үшін Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы мен еңбегінің рөлі мәселелерін талқыға салады. Конференцияға аймақ әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қожа Ахмет Ясауидің рухани маңызды тұлға екенін атап өтті. 

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

Түркістан – қазақ халқының мақтанышы! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірге іссапар кезінде Түркістанға елдің рухани және тарихи астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерген болатын. Қазіргі уақытта бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түркістан қаласының жаңа мәртебесі көне орталықтың одан сайын дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. Түркі әлемі Қожа Ахмет Ясауиді ұлы ұстаз ретінде ерекше құрметтейді.  Ғұлама өзінің ілімімен ізгілікті, бірлікті, еңбекті насихаттап дәріптеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – қазақ руханиятының қайнар ошағы. Біздің мәдениет пен әдебиеттің көрнекті өкілі. Исламның ең ұлы данышпандарының бірі. Менің ойымша, Ясауитану ғылымының болашағы алда. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – сәулет өнерінің жақұты. Мұндай ескерткіштер әлемде өте сирек кездеседі. Біздің тарихымыз үшін бұл кесене өте құнды. Бұл екі құндылық Түркістанның намысын көтереді. Бұл мұрада қасиетті қаланың басты тарихи маңызы мен мағынасы жатыр. Сондықтан біздің зерттеушілер мен ғалымдар осы тарихи мұраны зерттейтініне үлкен сенім бар. «Ескерткіштерді қорғайтын халық» Халықаралық конференциясы Түркістанның жаңа деректерін ашатынына сенімдімін, - деді Д. Сатыбалды. 

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

Ежелгі Түркістан жерінің «Түркі әлемінің бесігі» мәртебесінің бар екені заңды. 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесінің бейресми саммиті Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялады. Саммит барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің көшбасшыларына маңызды үндеу жасаған болатын. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қожа Ахмет Ясауи мен қасиетті Түркістанның жәдігерлерін бүкіл әлемге таныстыра отырып, түркі өркениетін жаңғыртуға шақырды.

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

Ясауи мұрасы Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Адамзат үшін шабыт көзі әрі рухани ойлар үшін азық берумен қатар ғалымдар ұрпағын тәрбиелеудің негізі болды. Әлемнің түрлі елдерінде сақталған ұлы түркі ойшылы мен оның ізбасарларының еңбектері Ясауи ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналып отыр.

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізімі қатарында тұр, сол себепті Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу және сақтау жұмыстары сөзсіз жалғасады. Конференцияға қатысқан ғалымдар осылай ой-пікірлерін бөлісті.

Конференция Түркістан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, халықаралық серіктес ұйымдардың (ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, МИЦАИ, IRCICA), университеттердің (Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті және «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының жан-жақты қолдауымен ұйымдастырылды. 

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» конференциясы әртүрлі бағыттар мен мектептердің ғалымдарына «Ясауитанудағы» ғылыми бағыттың жетістіктері мен даму перспективалары туралы талқылау және пікір алмасу мақсатында  платформа беріп қана қоймай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау саласындағы әдістер, тәсілдер мен шешімдерді талқылайды. Сондай-ақ ескерткіштерді қорғау, туризм саласын дамыту мәселелері де талқыланды. 

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

Пленарлық отырыстарда тарихи қалалық ландшафттар қарастырылады. Яғни туризмді дамыту және нысандарды сақтау жолдары, «Киелі нысандар мен қажылық маршруттарындағы туризмді дамыту ерекшеліктері», «Орталық Азиядағы киелі орындардың тарихы», «Мәдени мұра объектілерін басқару», «Киелі нысандардағы туризмді ілгерілету және маркетинг: үздік тәжірибелер мен ұсынымдар» тақырыбында сессиялар жұмыс істейтін болады. 

«Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция басталды

27 қазанда «Киелі туризм саласындағы білім беру мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығы», «Түркі халықтарының мәдениетіндегі рухани қабаттар», «Киелі мұра объектілерін сақтау, қалпына келтіру, құжаттаманы жүргізу», «Ортағасырлық қолжазбаларды зерттеу» тақырыптары жарияланады. Қатысушылар сонымен қатар «ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарын басқару жоспарын әзірлеу (басқару жоспарын әзірлеу кезінде HUL тәсілдерін қолдану)» басқару бойынша практикалық семинарға да қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы