Есқалиев: Батыс Қазақстанда кәрізбен электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

2 Желтоқсан 2021, 17:15
1216
Бөлісу:
Есқалиев: Батыс Қазақстанда кәрізбен электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысының дамуы туралы» брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті. 

Кәріз жүйесін жөндедік деп айтсақ болады. Бұл ретте Үкімет қолдауы жақсы болды. Сумен қамту мәселесі болған, ол кішігірім проблеманың да шешімін тауып жатырмыз. Біз Жайық өзенінен су алуды тоқтатып, жер асты су көздеріне көштік. Ұңғымалар жасап, қазір халықты жер асты суымен қамтып отырмыз,- деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ әкім облыста  электр желілерінің тозу проблемасы бар екенін мойындады. Оның сөзінше, бұған жейін электр желілерге бюжеттен қаражат бөлінбеген. 

Білетін болсаңыздар, осы жылға дейін Батыс Қазақстанда РЭК компаниясы жекеменшіктің меңгеруінде болды. Біз бұл компаниямен биыл және былтыр сот, келісімшарт арқылы келісімге келдік. Біздің жыл аяғына дейін бюжеттен қаражат бөле аламыз,- деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев.

Есқалиевтің мәлімдеуінше, бүгінде кәріз бен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жөндеу жұмыстарына  560 млн теңге бөлінген арнайы техникалар алдық. 170 млн қаражат бөліп, бағаналарды көтеріп, сымдарын ауыстырып жатырмыз. Яғни, бұрын бюжеттен ақша бөлу мүмкіндігі болған жоқ, -деді әкім.



Өзгелердің жаңалығы