Есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

22 Маусым 2023, 09:07
1332
Бөлісу:
Есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы