Есірткі өткізбек болған әйел ұсталды – Павлодар

10 Наурыз 2021, 23:16
2013
Бөлісу:
Есірткі өткізбек болған әйел ұсталды – Павлодар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Есірткі заттарын өткізбек болған 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел уәкілдер ұсталған адамның жоғары сапалы синтетикалық психотроптық заттарды интернет-ресурстарда әлеуметтік желілер арқылы өткізгенін анықтады, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Өзгелердің жаңалығы