"Есімов рұқсат берген". Алматы тұрғыны Есентайдағы заңсыз құрылысқа шағымданды

9 Ақпан 2024, 10:02
3987
Бөлісу:
"Есімов рұқсат берген". Алматы тұрғыны Есентайдағы заңсыз құрылысқа шағымданды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Медеу ауданының тұрғыны таулы жерлерде құрылыс салуға және су заңнамасының бұзылуына алаңдаушылық білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ Есентай өзенінің арнасындағы заңсыз құрылысқа рұқсат берген бұрынғы әкім Ахметжан Есімовтің іс-әрекеті заңсыз екенін мәлімдеді.

Өздеріңіз білетіндей, 2014 жылы Оспанов көшесіндегі Есентай өзенінің арнасында заңсыз құрылыс басталды. Сол кезден бастап мен барлық органға хат жаза бастадым, жауаптары даулы болды. Қазір ғимарат пайдалануға қабылданбады, кеше Прокуратурада маған су қорғау аймағын заңсыз қысқартуға байланысты құқықбұзушылықтың құрамы қарастырылып жатқаны туралы екі жауап берілді. Бұған дейін әкім болған Есімов 2014 жылы қаулыға қол қойған болатын. Бұл құрылысқа рұқсат бергені заңсыз. Мен бұл сұрақпен Антикорға жүгіндім. Кеше адамдардың қаза тапқанын ескерсек, бұл мәселе басты назарда болады деген ойдамын, - деді Медеу ауданының тұрғыны.

Ерболат Досаев бұл мәселе Прокуратураның бақылауында болатынын айтты.

Біздің қаламызда өзекті мәселелер бар, өйткені тау бөктеріндегі жердің көп бөлігі Медеу және Бостандық ауданында орналасқан. Сіздің шағымыңыз қарастырылады. Біз талап-арыздар бойынша жұмысты бастадық. Сот қолдайды. Біз Жоғарғы сот деңгейінде жеңе аламыз, бірақ құрылыс компаниялары сот орындаушыларының әрекеттеріне арыз түсіреді. Бірақ қала басшылығы басталған істі соңына дейін жеткізеді деп үміттенемін. Прокуратура бұл мәселені бақылауда ұстайды. Егер тиісті қаулы шығарса, біз шешім қабылдаймыз, - деп жауап берді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы