Есіл жағасынан күмәнді зат табылды

17 Сәуір 2022, 09:25
1638
Бөлісу:
Есіл жағасынан күмәнді зат табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бүгін жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Қаланың 150 волонтері мен белсенді жастары Есіл өзенінің жағалауындағы қоқысты тазалауға шықты. Сенбілік барысында волонтерлер күдікті зат тапты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ырыскелді қажы мешітінің маңындағы Есіл өзенінің жағалауын жинау кезінде волонтерлерді үйлестірушілердің бірі салмағы 2-3 кг болатын күмәнді пакет тапты.

Волонтер дереу полиция департаментінің қызметкерлеріне хабар берді. Осыдан кейін табылған заттың ішінде не барын анықтау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды. Экологиялық акцияның пайдасы қоршаған ортаны тазалаумен ғана емес, адам өміріне зияны тиюі мүмкін осындай заттарды табумен де маңызды. Елордамыздың волонтерлері нашақорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін насихаттап жүргені қуантады. Біз елордалық жастардың бәрін осыған шақырамыз, – деп атап өтті қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Әкімдік сенбіліктерге белсенді қатысқан қала тұрғындары мен қонақтарын күдікті заттар табылған жағдайда дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы