Ешқандай эйфория жоқ – хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері

30 Мамыр 2021, 16:23
3826
Бөлісу:
Ешқандай эйфория жоқ – хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хоккейден Қазақстан құрамасы кеше әлем чемпионатында Италияны ірі есеппен жеңген. Ойыннан кейін бас бапкер Юрий Михайлис пікір білдірді.

Бұл ойын Латвия астанасы Рига қаласында өтті. Қазақстан 11:3 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп топта уақытша көш бастаған еді. 

Ешқандай эйфория жоқ. Ондай эйфория бірінші және екінші жеңістерден кейін болады. Ал қазір команда әрбір матчқа жеңіске жету үшін шығады. Айдында қолдан келгенін аянып қалмаймыз. Турнир кестесі әлі де өзгереді. Ал біз Қазақстан үшін, жанкүйерлер үшін ойнай береміз. Көрсеткен өнерімізге бағаны Нұр-Сұлтан қаласында барғанда береміз, - дейді Юрий Михайлис.

Ол Италияны ірі есеппен ұтқандарына қарамастан, жүйке жұқартатын ойын болды деп санайды.

Команда бұл матчқа ерекше құлшыныспен шықты. Шабуыл мен қорғаныста бірдей сауатты ойнауға тырысқанымызбен, қақпамызға жіберген шайба біраз жүйкені жұқартты. Кейіннен эмоциямызды тежей алдық. Сөйтіп пас арқылы ойнап, шабуылға көштік. Екі бестіктен бір мықты бестік шығардық. Олар қажетті нәтижені жасап берді. Сол кезде қарсылас жиі қателесе бастады. Біз өз мүмкіндігімізді тиімді пайдаландық, - дейді бас бапкер.
Өзгелердің жаңалығы