Есей Жеңісұлы: Қазіргі балаларды комикс қатты қызықтырады

14 Сәуір 2021, 14:49
4734
Бөлісу:
Есей Жеңісұлы: Қазіргі балаларды комикс қатты қызықтырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Балалар әдебиетіне жаңашыл көзқарас» атты онлайн кездесуде «Ақжелкен» журналының бас редакторы, ақын Есей Жеңісұлы айтты.

Оның айтуынша, оқырманды қайта оралту мәселесіне ден қойып, балалар талғамына сай кітап шығару ісін дамытуды үдете түсу керек.

Жиынымыздың басты проблемасы - өткен аға буын сияқты кітапқұмарлықты қалай оятамыз, міне, осы жайт көкейімізде тұр. Өйткені жаныма оқуды бір жыл бұрын аяқтап, жұмысқа келген студент «газетте істеген қызық емес» дейді. Ал біз ескі көз ретінде ең алдымен әрбір азаматтың газет бетінде шыңдалып, сөзін түзеп, әрі қарай басқа ақпарат құралдарына барғанын қалаймыз, - деді ол.

Ол атағандай, қазіргі бүлдіршіндерді қызықтыратын бірден-бір кітаптың түрі - комикс.

Біз өз журналымызға да мүмкіндігінше балалар шығармашылығын беріп отырмыз. Сүйікті авторларын, танылған және танылмаған әртүрлі ақын-жазушыларымыздың туындыларын шығарамыз. Қазіргі балалардың көбі комикске қатты қызығады. Біздің «Шайтан күлкі» атты комиксымызды көп оқитынын аңғардық. Бұл тақырыпты жалғастыру ойымызда бар. Былайша айтқанда, жоспарымыз көп. Айналып келгенде оқырманға келіп тіреледі, – деді Есей Жеңісұлы.

Ол ересек буын жазған туындыларды тек сол замандастары оқитын болса, еңбектің еленбегені екенін айтты.

Бұның алдын алу жолында көп кітап оқуды әрбір үйде дәстүрге айналдырумыз керек. Балаларға кітап оқуды дәстүр қылып қалыптастыру қажет. Менің туған әпкем мектеп жасында кітапты жиі оқитын, сәйкесінше артынан ерген бауырлары, біз кітапқұмар болып кеттік. Бала іздеп жүріп кітап оқымаса, біз жазылған кітаптарды қайда тастап кетеміз? – деді ақын.

Олжас АДАЙ

Өзгелердің жаңалығы