Ертістің бойында 70 гектар шөп өртеніп жатыр

5 Шілде 2023, 19:15
525
Бөлісу:
Ертістің бойында 70 гектар шөп өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ертіс алқабындағы қызыл жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сағат 13.00-де 112 пультіне Ертіс өзенінің жайылмасында аралдағы ауданы жалпы ауданы 70 га 2 ошақта құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге орманшылықтың, ТЖД және ЕӨҚ 35 адамы, 4 техникасы, 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жұмысын 15 м/с дейінгі желдің екпіні қиындатады. Алайда, елді мекенге қауіп жоқ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы