Ертіс өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

18 Қыркүйек 2023, 15:25
584
Бөлісу:
Ертіс өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Демалыс күні Өскеменде «Kieli tabigat» экологиялық акциясы аясында тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияға 250- ге жуық ерікті, эко волонтерлар, қоғамдық пікір көшбасшылары мен студенттер белсенді қатысқан, Бұл туралы Altaynews жазды.

Өскемен қаласы үшін маңызды, сакралды аймақтың бірі Ертіс өзенінің жағалауында қоғамға пайдалы іс шара өтті. Экологиялық акцияның басты мақсаты - сакралды аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және ең маңыздысы, экологиялық мәдениетті арттыру, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Акция нәтижесінде 300 ге жуық қоқыс мөшектері жиналған.

Өзгелердің жаңалығы