"Ертіс орманындағы" өрт сөндірілді

14 Маусым 2020, 20:25
1534
Бөлісу:
"Ертіс орманындағы" өрт сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысындағы "Ертіс орманы" табиғи резерватындағы өрт сөндірілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оттың тұтануына орманға жай түсуі себеп болған. 

Өрт Шарбақты ауданының Галкин ауылдық округінде, Құлат ауылынан 10 шақырым жерде басталды. "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қарағаш жанған. Өрт бүгін сағат 10.55 кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 50 адам, 20-дан астам техника, соның ішінде Ми-2 тікұшағы жұмылдырылды, - делінген хабарламада. 

Өрт аумағы 100 гектарға жуықтайды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Еске сала кетейік, кеше Павлодар облысындағы "Ертіс орманы" табиғи резерватында орман өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы