“Ертіс орманы” РММ-індегі ауқымды операция: сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

25 Қыркүйек 2023, 09:02
496
Бөлісу:
“Ертіс орманы” РММ-індегі ауқымды операция: сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен “Ертіс орманы” резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.

Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді.

Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы