Ертіс өңіріндегі онкологиялық диспансердің сәулелі терапия бөлімшесі іске қосылды

13 Сәуір 2020, 19:05
1980
Бөлісу:
Ертіс өңіріндегі онкологиялық диспансердің сәулелі терапия бөлімшесі іске қосылды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің сәулелі терапиясы іске қосылды. Бүгінгі таңда бөлімше алғашқы науқастарды қабылдап, ем-дом шараларына көшті.

Облыстық онкологиялық диспансер радиология бөлімінің меңгерушісі Виктория Сиченконың айтуынша, қазіргі уақытта сіулелі терапия курстарына 50-ге жуық адам жазылып қойған.

Жаңа ғимаратқа көшіп келгенімізге қуаныштымыз. Бұрынғыдай таршылық көрмейміз. Біздің бөлімше халықаралық қауіпсіздік және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай салынған. Қабырғалар баритобетон атты арнайы материалдан салынған. Тиісті құрал-жадықтардың барлығы бар. Біздің бөлімшеде кадр тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта 35 қызметкер еңбек етеді, - дейді Виктория Сиченко.

Айта кетейік, алып кешен 200 орындық емхана, күндізгі стационар, операциялық және радиологиялық блоктардан тұрады.

Мамандардың айтуынша, жаңа ғимаратқа бірден көіп келі мүмкін болмады. Себебі күрделі сәулелі аппараттарды бұзып, қайта құрастыруға көп уақыт жұмсалады. Бүгінде бөлімшеге қатерлік ісіктерді сәулелендіруге арналған үш құрал әкелінген. Ең ірісі - желілік үдеткіш әзірге іске қосылмай тұр. Өйткені, зиянды сәуледен қорғайтын арнайы экран қажет. Қорғаныс есігі орнатылғанмен, жаңашыл аппаратқа сай болмай шықты. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында облыстық бюджеттен 26 млн теңге бөлінеді.

Онкологиялық диспансер мамандарының айтуынша, аппараттарды көшіру кезінде ем қабылдап жатқан азаматтардың емін үзбеу үшін сырқаттар көрші облыстардағы мекемелерге жіберіліп тұрған. Енді ондай қажеттілік жоқ.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Павлодар облысында 11 мыңнана стам азамат диспансерлік есепте тұр. Соңғы жылдары науқастардың ғұмырын бес жылға ұзарту көрсеткішіне қол жеткізілген.


Өзгелердің жаңалығы