Ертіс өңірінде "Бизнестің жол картасы" бойынша 112 жобаға қолдау көрсетілді

24 Сәуір 2020, 19:41
1531
Бөлісу:
Ертіс өңірінде "Бизнестің жол картасы" бойынша 112 жобаға қолдау көрсетілді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Павлодар облысында "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша 112 жоба қолдау тапты. Олардың жүзеге асыруға 2,2 млрд теңге бөлінген.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық Асановтың хабарлауынша, жобалардың басым бөлігін өңдеу және көлік салалары құрайды. Сонымен қатар, жалпы құны 6,3 млрд теңге болатын 200-ге жуық жобаның тізімі әзірледі.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жыл басынан бері 16 жоба іске асырылды. Оларды жүзеге асыруға мемлекеттің қазынасынан 4,4 млрд теңге бөлінді. Көбі ауыл шаруашылығы саласына тиісті болып шықты. Тағы 60-қа жуық жобаға өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта қарастырылуда, - дейді Жайық Асанов.

Мемлекеттен барынша қолдау көрсетілгенмен, жүзеге асырылу деңгейі төмендеп кеткен. Оған кәсіпорындардың төтенше жағдай кезіндегі карантин салдарынан тоқтап тұрыуы себеп. Екінші деңгейлі банктер жұмысының уақытша тоқтатылуы да кері әсерін тигізген.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсеті мақсатында облыс әкімдігінің мұрындық болуымен іс-шаралар жоспары қолға алынбақ. Нақтырақ айтқанда, түсіндіру жұмыстары қолға алынады. Сонымен қатар, бағдарлама жобаларын мақұлдайтын комиссияның жұмысы бақылауда болады.

Айта кетейік, облыста шағын және орта бизнес нысандарының саны 25 мың бірлікке жеткен.

  

Өзгелердің жаңалығы