Ертеңнен бастап елімізде құрлық шекарасы бойынша шектеулер алынады

10 Сәуір 2022, 17:04
2896
Бөлісу:
Ертеңнен бастап елімізде құрлық шекарасы бойынша шектеулер алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 сәуірден бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.

Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады,-делінген хабарламада.

Бірақ есте сақтау керек! ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, вакцинация паспорттарын өзара тануы бар болған кезде шетел азаматтары вакциналау, ревакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын құжат/төлқұжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады.
 

Өзгелердің жаңалығы