Ертең "Шымбұлақ" тау курортында сырғанау маусымы жабылады

30 Сәуір 2024, 09:48
324
Бөлісу:
Ертең "Шымбұлақ" тау курортында сырғанау маусымы жабылады
Фото: t.me/shymbulakmountainresort

Бұл туралы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 70 жылдық мерейтойы өтіп жатқан "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының мерейлі маусымы 2023 жылдың 23 желтоқсанында ашылған болатын. Тау курортының баспасөз қызметі бүгін қысқы сырғанаудың соңғы күні екенін хабарлады.

Осымен 2023-2024 жылғы мезгіл де аяқталды. 30 cәуір соңғы сырғанау күні. Өкінішке қарай, биылғы мезгілде кешірек ашылдық, - деп мәлімдеді курорттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ "Шымбұлақ" баспасөз қызметі тау курортының аумағында өткен ірі халықаралық жарыстарды да атап өтті.

Бізде алғаш рет Freeride World Qualifier өтті. Фристайлдан Әлем кубогы кезеңдерін өткізуде тағы да шыңдалдық, алғаш рет Skij тау-шаңғы спорты сайыстарын өткіздік. Ал Winter Jungle биылғы мезгілді көңілді кешімен аяқтап берді. Түркі елдерінің тау-шаңғы курорттары Альянсын құру туралы меморандумға қол қойдық. Наурызда MONA Yong Pyong корейлік тау-шаңғы курортымен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлады тау курорттың байланыс бөлімі.

Өзгелердің жаңалығы