Ертең еліміздің көп бөлігінде ауа райы бұлтты болады

23 Сәуір 2023, 21:31
2157
Бөлісу:
Ертең еліміздің көп бөлігінде ауа райы бұлтты болады
Фото: kaztag.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескертуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, ертең жел күшейіп, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, - делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы