Ерлан Қошанов сайлау туралы пікірін білдірді

19 Наурыз 2023, 08:35
742
Бөлісу:
Ерлан Қошанов сайлау туралы пікірін білдірді
Фото: azattyq-ruhy.kz

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі өтіп жатқан сайлауда таңдауын жасап, сайлау туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау өте жақсы ұйымдастырылған. Барлығы жоғары деңгейде. Халықтың белсенділігі өте жоғары. Біз үгіт-насихат жұмыстары аясында өңірдердің барлығын аралап келдік. Сол кезде де халықтың белсенді екенін, саяси өмірге араласуға белсенділігін , өзінің тағдырын өздері шешуге деген құлшынысын байқадық. Бүгін соның көрінісін көріп отырмыз, - деді «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.   

Айта кетейік, елордадағы "Қазақстан темір жолы" ғимаратындағы  №110 сайлау учаскесінде 2229 сайлаушы тіркелген. Осы уақытта сайлау учаскесінде 49 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы