Ерлан Қошанов Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасымен кездесті

27 Маусым 2023, 21:54
742
Бөлісу:
Ерлан Қошанов Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасымен кездесті
Фото: web.telegram.org

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Біз бауырлас халықтар ретінде ғасырлар бойы бір-бірімізді қолдап келеміз және оны жоғары бағалаймыз. Біздің елдеріміздің басшылығы деңгейіндегі кездесулердің қарқыны мен мазмұны екіжақты байланыстардың беріктігін көрсетеді, – деді Мәжіліс спикері.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін бірлесіп шешудің маңыздылығын талқылады. Атап айтқанда, су-энергетика кешені, шекаралық бақылау, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастық, туризм және тағы басқа мәселелер.

Өз кезегінде Нурланбек Шакиев Қазақстан халқын елде жүргізіліп жатқан табысты саяси реформалармен құттықтап, қырғыз елі Қазақстан басшылығының барлық бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы