Ерлан Қарин: Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы

22 Наурыз 2022, 12:11
2307
Бөлісу:
Ерлан Қарин:  Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин хабарлады. Оның айтуынша, Президент алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, жаңа анықтаманы қолданды. 

Алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, Президент өз сөзінде жаңа анықтама – «Екінші республика» сөзін қолданды. Осыған байланысты кейбір сарапшыларда бұл ұғымның астарында не жатқанын және оның бұған дейін айтылған «Жаңа Қазақстан» концептіне арақатынасы қандай деген сұрақ туындады. Шын мәнінде, бұл екі идеологема түрлі екпінге ие болғанымен, бір мәнге ие, - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Сонымен қатар ол Жаңа Қазақстан түсінігіне тоқталып өтті.

Жаңа Қазақстан – бұл жалпы еліміздің болашағының бейнесі. Бәрінен бұрын сөз қоғамдық құндылықтарды жаңарту мен ұлттық жаңа қасиеттерін қалыптастыру қажеттілігі туралы болып отыр. Сәйкесінше, бұл біз бірден Қаңтар оқиғаларынан немесе Жолдаудан кейін автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүруді бастап кеттік деген сөз емес. «Жаңа Қазақстан» концептін алға тарта отырып, Президент жақын болашаққа ұлт құрылымының жаңа мақсатын айқындап берді. Жаңа Қазақстанды бір сәтте, бір сағатта жасау мүмкін емес. Бұл қоғамдық трансформацияның терең де ұзақ процесі, - деді ол. 

Сондай-ақ саясаттанушы саяси реформалардың жаңа басымдықтарын атап өтті. 

Президент Жолдауында саяси реформалардың жаңа басымдықтарын айтқан соң көпшілікке билік институттары арасында қағида тұрғысында жаңа конституциялық теңгерімді қалыптастыру туралы сөз болып отырғаны түсінікті болды. Бірінші кезекте, бұл суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік республикаға нақты ауысу туралы оның бастамаларына қатысты. Соңғы Жолдауын іске асыру шеңберінде Мемлекет басшысы Конституцияның 30-дан астам бабы мен 20 заңға өзгерту енгізілетінін айтты. Бұл реформалардың өте ауқымды жоспары. Айтылған жаңашылдықтар саяси жүйенің барлық кескіндемесін өзгертеді. Басымдық мемлекетті басқаруға, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға азаматтардың қатысуын кеңейтуге беріліп отыр, - деді Мемлекеттік хатшы. 

Өз сөзінде ол жалпы мемлекеттік басқару үлгісі өзгеріске ұшырап қана қоймай, мемлекеттік және қоғамдық даму парадигмасы да өзгереді деп отыр. 

Сондықтан жалпы жаңа ғана басталған мемлекеттік басқару үлгісінің ғана емес, мемлекеттік және қоғамдық даму парадигмасының өзгеруі туралы да сөз қозғауға болады. Бүгін осы процесті барынша нақты белгілеп көрсету үшін Президент «Екінші республика» анықтамасын қолданды. Екінші республика дегеніміз – бұл әбден жақын әрі сезілетін мақсат, себебі Мемлекет басшысы алға қойған саяси реформаларды іске асыру биыл жоспарланып отыр. Басқаша айтқанда, Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал Екінші республика – мемлекеттік үлгінің жаңаруы, - деді Ерлан Қарин. 

Өзгелердің жаңалығы