Ерлан Қарин Ұлттық кеңес жұмысы жайлы: 77 пунктіден тұратын жоспар бекітілді

28 Қыркүйек 2019, 13:23
2337
Бөлісу:
Ерлан Қарин Ұлттық кеңес жұмысы жайлы: 77 пунктіден тұратын жоспар бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің алғашқы отырысынан кейін қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы айтты.

"Қыркүйек айының басында өткен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар жинақталып, жүйеленді. Содан кейін ол ұсыныстарды қарау бойынша арнайы жоспар қабылданды. 77 пунктіден тұратын жоспар Президент әкімшілігі жетекшісінің қолымен бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес мемлекеттік органдар мен Президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері қазан айының 20-ына дейін Кеңес мүшелері көтерген әр мәселе бойынша өздерінің сараптамасын беру қажет" - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар Ерлан Қарин "алдағы уақытта Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары өздерінің бағыттары бойынша Ұлттық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен мәжілістер өткізетінін" атап өтті.

"Бұл ұсыныстар жан-жақты пысықталғаннан кейін қазан айының аяғында немесе қараша айының басында аталған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жоспар қабылданатын болады. Яғни, Ұлттық кеңестің ішінде қазір өте ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрбір қадам бойынша Кеңес мүшелерімен кездесіп хабардар етіп отырмыз" - деді Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы