Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

22 Қыркүйек 2026, 11:11
АВТОР
 olympic.kz/Владислав Семенов 22 Қыркүйек 2026, 11:11
22 Қыркүйек 2026, 11:11
186
Фото: olympic.kz/Владислав Семенов

Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық жауынгер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Еркінғали алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Азия ойындарының алғашқы күнінде төрт алтын медаль жеңіп алып, үшінші орынға жайғасқан еді.

Наверх