Қазақстан Азия ойындарының алғашқы күнінде төрт алтын медаль жеңіп алып, үшінші орынға жайғасты

Құрама сапында екі қола медаль да бар.

 olympic.kz 20 Қыркүйек 2026, 19:49
20 Қыркүйек 2026, 19:49
111
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық медаль есебінде үшінші орынға жайғасты.

Алтын медальдарды ұлттық құрама қоржынына:

  • Ринат Сұлтанова – велоспорт;
  • Алексей Луценко – велоспорт;
  • Жоламан Биғабыл – каратэ;
  • Софья Берульцева – каратэ спортынан салды.

Қола жүлдегерлер:

  • Арлан Жаңабай – триатлон;
  • Қазақстанның ерлер құрамасы – қазіргі бессайыс.

20 қыркүйектегі жағдай бойынша медальдар есебінде 11 алтын медальмен Қытай құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында – алты алтын медалі бар Жапония. Қазақстан төрт алтын медальмен үшінші орында орналасқан.

Үздік бестікте сондай-ақ үш алтын медаль алған Оңтүстік Корея мен үш алтын жүлдесі бар Таиланд құрамасы бар.

Наверх