Еріктілерімізді мақтан тұтамын. Президент волонтерларға ризашылығын білдірді

5 Желтоқсан 2020, 12:45
1352
Бөлісу:
Еріктілерімізді мақтан тұтамын. Президент волонтерларға ризашылығын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлар күні аталып өтіп жатқанын өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлар жылы деп жарияладым, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев еріктілерімізді мақтан тұтатынын жазды.

Еріктілердің орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз! – деп жазды Президент.

Өзгелердің жаңалығы