Президент қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды

10 Шілде 2019, 16:29
1939
Бөлісу:
Президент қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан президентіне министрліктің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берілді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді", - делінген ресми хабарламада.

Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту қажеттігін айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы тиіс екеніне тоқталды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды.


Өзгелердің жаңалығы