Еріктілер Алматыға 155 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетті

18 Қаңтар 2022, 14:52
1454
Бөлісу:
Еріктілер Алматыға 155 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Nur Otan» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады. Оның айтуынша, партия еріктілері халыққа барынша көмектесуде.  

Партияның бірнеше мың белсендісі «Халық сақшысы» қоғамдық дружиналар сапында Алматы қаласында қоғамдық тәртіп орнатуға атсалысты. Олар әскерилерге, полиция және коммуналдық сала қызметкерлеріне көмектесті. Сонымен қатар, партия еріктілері тек Алматы қаласының өзінде 155 млн теңгеден астам сомаға әртүрлі көмек көрсетті, - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда партия тарапынан жергілікті әкімдіктерге инфрақұрылымдарды қалпына келтіру, қоғамдық тәртіпті нығайту, волонтерлар қызметін үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Партияның Мәжілістегі фракциясы Президент атап өткен мәселелерді орындаудың заңнамалық негізін қамтамасыз ету ісіне кірісіп кеткен. Мәслихаттардағы депутаттар жер-жерде халықпен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысып, сондай-ақ қиратылған инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үлес қосуда. Бұл ретте партияның қоғамдық қабылдаулары осы күндері тұрақты жұмыс істеді, - деді төрағаның бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы