Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру ақысы қымбаттайды

30 Қараша 2023, 21:50
534
Бөлісу:
Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру ақысы қымбаттайды
Фото: Altynbek Khumarzakh

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақыға өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаңа жылдан бастап автомобильдердің Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіруі үшін төлем әрбір БӨП-де орнатылған терминал не мобильді қосымша арқылы банк картасы не QR-кодпен жүргізіледі.

Қолма-қол ақшамен төлеу тәсілі жойылмайды. Мұндай төлем әдісі шетелдік азаматтар үшін сақталады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер де БӨП-де қолма-қол ақшамен төлем жасап, төлем туралы түбіртек ала алады.

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы N°165-VII Заңымен Салық кодексінің 591-бабының 1-тармағына келесі өзгерістер енгізілді:

  • жаяу жүргіншілер – 0,1 АЕК;
  • Мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер – 0,2 АЕК;
  • автомобильдер – 0,3 АЕК;
  • 16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк көліктері – 1 АЕК;
  • автобустар:
  • 32 орынға дейін – 2 АЕК;
  • 32 орыннан көп болса – 3 АЕК.

Бұл норма 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем жоғарыда көрсетілген есептен көлік ішіндегі жолаушылар санына қарамастан (көліктегі орын санын ескере отырып) әрбір күн үшін алынады.

Жаяу жүргіншілер әр күн үшін 0,1 АЕК-ті қолма-қол ақшамен, QR-кодпен, сондай-ақ пос-терминал арқылы төлей алады.

Өзгелердің жаңалығы