Ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсеткендерге барынша қатаң шара қолданылады – Бас прокурор

1 Мамыр 2022, 01:18
2256
Бөлісу:
Ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсеткендерге  барынша қатаң шара қолданылады – Бас прокурор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жәбірленгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ерекше балаларға зорлық-зомбылық көрсету адамгершілікке жатпайды. Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды жәбірлеу фактісі бойынша барынша қатаң шаралар қолданылады. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Жәбірлеу) бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды, - деп жазды бас прокурор әлеуметтік желіде.

Ол осыған ұқсас мекемелерді тексеруді тапсырғанын атап өтті.

Айта кетейік, ақыл-есі кем балаларға арналған орталық қызметкері тәрбиеленушілерді аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді. Мекемеде ақыл-ой кемтарлығы бар, церебральды сал ауруына, Даун синдромына және олигофрения ауруына шалдыққан балалар тұрады.

Прокурорлар камераның жазбаларын қарап, қызметкердің балаларды бірнеше рет ұрып-соққанын анықтады.

Өзгелердің жаңалығы