Ердоған Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты ойын айтты

12 Қазан 2022, 22:53
2074
Бөлісу:
Ердоған Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты ойын айтты

Түркия басшысы Қазақстанның территорилық тұтастығына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тарихы терең мемлекеттік тәжірибесі бар бауырлас Қазақстанның тұрақтылығына, бейбітшілігіне және егемендігі мен территориялық тұтастығына қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Бұрынғы кездердегідей, біз қазірде біргеміз, - деді Түркия Президенті БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Сонымен қатар Ердоған Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.

Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік! Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалаймын. Алдағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға игілік әкелсін, – деп ризашылығын білдірді Режеп Тайип Ердоған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев түрік бауырын қазақ-түрік қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін  I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған еді.

Сонымен қатар екі ел басшысының үстел теннисін ойнағанын жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы