Тоқаев Түркия басшысын I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

12 Қазан 2022, 18:12
1147
Бөлісу:
Тоқаев Түркия басшысын I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ардақты бауырым, Қазақстан Түркиямен стратегиялық әріптестікке негізделген сан-қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Біз болашаққа бірге қадам басамыз. Осы жолдағы мәңгі достығымызбен, мызғымас бауырластығымыз жалғаса береді. Жоғары мәртебелі Президент мырза, сіз қазақ-түрік қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, сізді «I дәрежелі достық» орденімен марапаттау туралы  шешім қабылдады. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастың жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігермізді жұмсауға дайынмын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында. 

Түркия Президенті Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.

 Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік! Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалаймын. Алдағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға игілік әкелсін, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Өзгелердің жаңалығы