Ердоған Ливияға әскер аттандырады

16 Қаңтар 2020, 21:03
1470
Бөлісу:
Ердоған Ливияға әскер аттандырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ливияға әскер жіберетінін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 


Олар Ұлттық келісім үкіметінің (ҰКҮ) басшысы Файыз Сараджға көмектесетіні белгілі.
Түркия Ливияға заңды легитимді ливиялық үкіметтің тұрақтылығын қолдау үшін әскери күш жібереді, - деп мәлім етті Ердоған. 
Бұған дейін, түрік көшбасшысы ливиялық фельдмаршал Халифа Хафтарға атысты тоқтатудан бас тартқаннан кейін "сабақ" беруге уәде берген болатын. Оның айтуынша, "бүлікші Хафтар" Мәскеуден ұлттық келісім үкіметінің басшысы (ҰКҮ) Фаиз Сарадж бейбіт келісімге қол қоюдан бас тартқаннан кейін қашып кеткен.

14 қаңтарда Хафтардың Сараджбен Ливиядағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қоймай Мәскеуден кетіп қалғаны белгілі болған еді. Фельдмаршалдың кетіп қалуы салдарынан Ливияның астанасы Триполиде қарулы қақтығыстар қайта басталған болатын. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаңтар айында парламент өз жұмысын қайта бастаған кезде ел әскерін Ливияға жіберу туралы сауал жолдайтынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы