Ерболат Досаев Алматының басты мәселесін айтты

15 Ақпан 2024, 10:50
1305
Бөлісу:
Ерболат Досаев Алматының басты мәселесін айтты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы қала басшысы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтып өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімінің халықпен кездесуінде қала тұрғыны қаланың басты мәселесін сұрады.

- Сіздің ойыңызша, Алматының өзекті мәселесі қандай? - деді ол.

Қала әкімі бір ғана мәселені жеке дара бөле алмайтынын айтты.

Өкінішке қарай, бір ғана мәселе бар деп айта алмаймын. Менде өзекті мәселелердің тізімі бар. Экология, транспорт мәселесі, заңсыз құрылыс, полиорталық ретінде даму, базарларды модернизациялау сынды ұзын сонар тізімді ұсына аламын. Оның барлығы менің және менің орынбасарларымның назарында. Мәселені бөліп жармай, барлығын бір уақытта шешуге тырысып жатырмыз. Егер сұрақтарға жауап бере отырып, бір адамға "сіздің сұрағыңызды бүгін, келесі адамға 2025 жылы шешемін десем" оған ешкімнің көңілі толмайды. Қаланың даму жоспарында бектіліген 7 бағыттың барлығы мен үшін өзекті, - деді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы