Ералы Тоғжанов балалардың буллингтен қалай қорғалатынын айтып берді

8 Сәуір 2022, 15:20
3157
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов балалардың буллингтен қалай қорғалатынын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Сенат депутаттарының кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша қабылдап жатқан шараларына қатысты жолдаған депутаттық сауалдарына жауап берді. 

Үкімет мүшесі келтірген мәліметке сәйкес, суицидтің және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шаралар 2020-2023 жылдарға арналған Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасында, Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  2015-2021 жылдар аралығындағы ресми деректеріне сәйкес қабылданған шаралар балалардың суицид деңгейін 12,5%-ға, яғни 201-ден 175 жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2020 жылмен салыстырғанда балалар суицидінің 21,5%-ға өсуі тіркелген. Дәлірек айтқанда, 144-тен 175 жағдайға дейін, - деп айтты Тоғжанов.

Оның сөзінше, 2021 жылы көрсеткіштердің өсуіне байланысты балалар арасында суицид фактілері мен әрекеттерін болдырмау жөніндегі шаралар әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы бекітілді және 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. 

Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасаған «Кейбір заңнамалық актілерге бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде Білім және ғылым министрлігіне психологиялық қызметтер қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзырет бекітілді, бұл олардың жұмысын қайта форматтауға және балалармен жұмыс істеу кезіндегі тәсілдерді біріздендіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң жобасы шеңберінде балаларды қудалаудан (буллингтен) және кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды бекітуді көздейтін түзетулер қолдау тапты, - деп толықтырды Премьер-министрдің орынбасары.

Одан бөлек, «Бала құқықтары туралы» және «Білім туралы» заңдарда баланы қудалау (буллинг) ұғымы енгізілді, баланың қудалаудан қорғану құқығы бекітілді, баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның баланы қудалаудың алдын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреті енгізілді.

«Байланыс туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заңдарға әлеуметтік желілерге арналған «онлайн-платформа», мессенджерлер үшін – «шұғыл хабарламалармен алмасу сервисі» түсініктерін енгізу жолымен интернет желісінде құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық шараларды бекітуді реттейтін түзетулер енгізіледі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында буллингке (кибербуллингке) қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі тетіктер бекітіледі, - делінген Ералы Тоғжановтың депутаттарға берген жауабында.

Өзгелердің жаңалығы