Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі су тасқыны жағдайын тексерді

16 Наурыз 2023, 17:10
745
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі су тасқыны жағдайын тексерді
Фото: mgorod.kz

Қазіргі уақытта Авиатор шағын ауданында, Береке тұрғын үй алабында және Домбыра бау-бақша ұжымында жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскелерге даладан еріген қар суының келуі байқалды. Жедел шаралар нәтижесінде үйлерді су басу қаупі барынша азайтылды. 

Өңір басшысы жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі Сазды су қоймасына барды. Мамандар ағымдағы жағдай туралы баяндап, су қоймасы штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы