ЕҚЫҰ Орталық сайлау комиссиясының жұмысына оң баға берді

21 Қараша 2022, 16:08
1370
Бөлісу:
ЕҚЫҰ Орталық сайлау комиссиясының жұмысына оң баға берді

Бұл туралы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек ЕҚЫҰ бақылаушылары өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ ол Конституция мен Сайлау туралы заң, сондай-ақ сайлауға қатысты басқа заңдар соңғы жылдары бірқатар өзгерістерге ұшырағанын алға тартты.

Мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына қатысты елеулі техникалық өзгерістер, сайлау өткізу және әкімшілік сот ісін жүргізу жөніндегі органдардың дауларды шешуінің рәсімдік негізі болғанымен, ДИАҚБ-ның алдыңғы ұсынымдары назардан тыс қалуда. Ал нормативтік-құқықтық база демократиялық сайлауға қатысты ЕҚЫҰ-ның халықаралық стандарттары мен міндеттемелеріне толық сәйкес келмейді, - деді бақылау миссиясының жетекшісі.

Айтуынша, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына Конституция кепілдік береді.

Орталық сайлау комиссиясы заңмен белгіленген мерзімдерге сәйкес сайлауға дайындықты тиімді басқарды. ОСК тікелей эфирде ашық отырыстар өткізді және шешімдерін қабылдаған күні жариялады. ДИАҚБ СБМ-ның кейбір сұхбаттасушылары сайлау өткізу жөніндегі органдардың құрамы саяси әртүрлілікпен ерекшеленбейтінін атап өтті. ДИАҚБ СБМ  төмен тұрған комиссиялар үшін ұйымдастырылған сабақтарға оң баңа берді. Комиссия мүшелері тәжірибелі, жақсы жабдықталған. ОСК сайлаушыларды қазақ және орыс тілдерінде ақпараттандыру бойынша жалпыұлттық кешенді және инклюзивті науқан өткізді. Әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін жеңілдететін бірқатар шараларды көпшілік назарына ұсынды, - деді Урсула Гачек.

Өзгелердің жаңалығы