ЕО елдері Ресейге тағы да санкция салды

25 Ақпан 2023, 12:07
1029
Бөлісу:
ЕО елдері Ресейге тағы да санкция салды
Фото: ВВС

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың 10-пакетін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы ЕО кеңесіне төрағалық ететін Швеция Twitter-дегі парақшасында жазған, деп мәлімдеді RUSSIAN.NEWS.CN.

Белгілі болғандай, Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына қолдау көрсетіп, Ресейге әскери мақсатта пайдалануға дрондарды ұсынған жеке және заңды тұлғаларға шектеу шаралары қойылады.

ЕО елдері Украинаны қолдау мақсатында ЕО тарихындағы ең сұрапыл санкцияларды енгізіп жатыр, - делінген мәлімдемеде.

Бүгін санкциялар пакеті мақұлданып, ЕО толық нұсқасын ұсынуы тиіс.

Бұған дейін ҚР СІМ Қазақстан Республикасы украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптайтынын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы