ЕО: бетперде киюге міндеттемейді

13 Мамыр 2022, 01:17
1422
Бөлісу:
ЕО: бетперде киюге міндеттемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ елдері бұдан былай әуежайлар мен ұшақтарда бетперде киюді талап етпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған ұйымның Авиациадағы қауіпсіздік агенттігі осындай шешім қабылдады. Бұған көптеген мемлекетте вакциналау қарқынының артуы мен шектеулердің алынып тастауы себеп болған.

Жаңа ережелер алдағы аптада күшіне енеді. Алайда әуе компаниялары қажет жағдайда бетперде киюді қайта міндеттеуге құқылы екенін де ескертті. Сондай-ақ әуежайларда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға кеңес беріледі.

Өзгелердің жаңалығы