Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

20 Қаңтар 2023, 13:09
2866
Бөлісу:
Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

Енді Туды қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды жауапқа тарту қатаңдатылғанын айтты. Сөзінше, айыппұл көлемі 3 000 АЕК.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2023 жылы 3 450 теңге) ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді, - деп айтты Дәуешов.

2023 жылдан бастап 1 АЕК 3 450 теңге, демек 3 000 АЕК 10 350 000 теңге болады.

Оның сөзінше, былтыр, яғни 2022 жылы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өттік. Елімізде атаулы мерекеге орай 500 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылы 4 маусымда республика бойынша сағат 10:00-де Мемлекеттік Әнұран орындалды, Мемлекет басшысының қатысуымен ең биік Туды көтеру іс-шарасы өтті.

Былтыр 25 мамырда Алматыда «Ирина Кайратовна» мен Shiza концертінде топ мүшелері туға құрмет көрсетпей, сахнада балағат сөздер айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы