Енді өңірлерге шығарда ПТР-тест сұралмайды

3 Қаңтар 2021, 14:30
2233
Бөлісу:
Енді өңірлерге шығарда ПТР-тест сұралмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

Енді аймақтарға шығу немесе кіру кезінде ПТР-тест талап етілмейді. Яғни, Атырау облысынан басқа өңірлердің барлығы «сары аймаққа» енді. Сол себепті қандай да бір аймаққа кірер немесе шығар кезде ПТР-тест анықтамасы талап етілмейді, - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін министр Алексей Цой республиканың тәуекелі төмен яғни, «жасыл аймақта» тұрғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, тәуекелі жоғары аймақта немесе «қызыл аймақта» Атырау облысы қалды. «Сары аймақта» немесе тәуекелі орташа аймақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұр.

Өзгелердің жаңалығы