Енді аңшы куәлігін онлайн рәсімдеуге болады

19 Сәуір 2023, 23:25
645
Бөлісу:
Енді аңшы куәлігін онлайн рәсімдеуге болады
Фото: unsplash

Цифрлық аңшы куәлігін eGov Mobile қосымшасында Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәләндыру үшін пайдалануға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Электрондық құжат 2023 жылдың қаңтарынан бастап оны рәсімдеген азаматтар үшін қолжетімді.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі "Аңшы куәлігіне" басу қажет. Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың баламасы, - делінген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде 11,7 миллионнан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР аза матының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар.

Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.

Өзгелердің жаңалығы